Көпбалалы ана алаяқтық қылмысы үшін жазаға тартылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қалалық сотында алаяқтықпен жазаға тартылған көпбалалы әйелге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаяқтық бойынша айыпталған әйел өз кінәсін толық мойындады. Ол бүгінде үш баланың анасы, жақын уақытта төртінші нәрестесін өмірге алып келмек.

Айыпталушы қала мектептерінің бірінің алдында төменгі сыныпта оқитын оқушы қызды алдау жолымен оның сырғасын шешіп алған. Одан кейін сырғаны базарлардың бірінде саудаламақ болады.

Сот үкімі бойынша оған үш жылға бас бостандығынан айрылды. Үкімнің жеңіл болуын сот мамандары әйелдің көпбалалы болуымен, оларды жалғыз асырауымен түсіндіреді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Әділет Қаңтарбаев

Соңғы жаңалықтар