Конституциялық реформалар мен үшінші жаңғыру Сингапурде талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапурде Лю Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде Қазақстанның Сингапурдегі елшісі Үсен Сүлеймен мектеп оқытушылары, докторанттары мен магистрлері, академиялық орта өкілдеріне және Сингапур қауымына ҚР Президентінің конституциялық реформалар жөніндегі бастамасы, сонымен қатар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ел халқына арнаған Жолдауы жөнінде дәріс оқыды.

Баяндама барысында елші Қазақстанның конфессияаралық және дінаралық толерантты қоғамды құрудағы қазақстандық жолдың басты ерекшеліктері мен жетістіктері туралы да сөз қозғады.

Брифинг барысында Сүлеймен елші ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде экономикасы мығым, саяси жүйесі берік, көпұлтты қоғамы жарасқан елге айналып, әлемнің дамыған 50 мемлекеттері тізіміне енуіне жол ашылғандығын айтты.

Қазақстандық дипломат, Президент көтерген конституциялық реформалар бастамасы демократиялық үдерістерді және мемлекеттің даму әлеуетін одан әрі нығайтуына жасалған үлкен қадам болатынын ерекшелеп өтті.

Дәріс барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ел халқына арнаған Жолдауына үлкен маңыз берілді.

Сүлеймен елшінің сөзінше, жаһандық экономикалық бәсекелестіктің одан әрі өрши түсуіне байланысты, Елбасының ұсынған үшінші жаңғыру экономикалық даму моделі ел дамуына ықпал ететін дер уақытында жасалған қадам болып отыр. Бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуы Қазақстан экономикасының көрсеткіштерін орташа әлемдік деңгейден асыруға және дамыған 30 елдің қатарына енуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық дипломат жиналған қауымға Қазақстандағы көпұлтты және көпдінді қоғамның татулығын бекітуге арналған жұмыс, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезінің мақсаттары мен міндеттері туралы да таныстырып өтті.

Соңғы жаңалықтар