Конституциялық реформаға байланысты Қазақстан азаматтары 6 мыңнан астам ұсыныс жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конституциялық реформаға байланысты Қазақстан азаматтары 6 мыңнан астам ұсыныс жасады. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Конституциялық реформаны белсенді талқылау әлеуметтік желіде де қарқынды жүргізіліп, мыңдаған пікір жазылды. Өз көзқарастарын танымал адамдар, Үкімет мүшелері, мемлекеттік ведомстволардың басшылары, қоғам қайраткерлері, барлық саяси партиялардың өкілдері, шығармашылық өкілдері, зиялылар, танымал спортшылар білдірді. Жұмыс тобы адамдармен кездесулерде айтылған, БАҚ пен интернетте жария етілген барлық пікірлерді, мәселелер мен ұсыныстарды тіркеді. Президент Әкімшілігі тарапынан арнайы пошта мекенжайы бөлініп, оған кез келген ниет танытқан азамат өз материалдарын жібере алды. Азаматтардың барынша бесенділік танытып, қызығушылық көрсеткендігін атап өткен орынды. Бұл Сіздің Конституциялық реформаларды қоғамда талқылау шешімінің дұрыстығын тағы бір мәрте дәлелдей түседі», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ұсыныстар еліміздің барлық өңірлерінен және халықтың барлық топтарынан келіп түскен.

«Соңғы күндері ұсыныстар өте көп болды. Азаматтардан 6 мыңнан астам түрлі ұсыныстар келіп түсті. Олар Конституцияның 98 бабының 63-іне қатысты және Ата заңның барлық бөлімдерін қамтиды», - деді Жақсыбеков

Соңғы жаңалықтар