Конституциялық реформа қоғамның демократиялануын күшейтеді - Қ. Баймаханов.

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға жария түрде қол қойды.

Президент бұл тарихи сәтті «қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды қадам» деп бағалады, дейді «Ерлік» үйлестіру қоғамының төрағасы Қайреддин Баймаханов. 

«Билік тармақтары арасындағы өкілеттікті конституциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталған заң жобасы бір ай бойы қоғамдық талқылаудан өтті.  Осы уақыт аралығында халық белсенділік танытып, елдің басты құжатына енгізілетін өзгерістерге өз ұсыныстарын білдірді. Бұл ұсыныстар арнайы құрылған жұмыс тобының сараптауына жіберіліп, олар тұжырым жасауға өзек болды. 

Енгізілген өзгерістердің барлығы еліміздің дамуына ерекше серпін беретін маңызға ие. Мемлекет құрылымына ұсынылған өзгерістер қоғамымызды демократияландыру ісін күшейтіп, халық билігінің негізін одан әрі нығайтуға, Парламенттің рөлін, Үкіметтің президенттік басқару нысаны алдындағы дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Реформаның көздеген мақсаты да осы. Бұл үдеріс ел дамуының тағы бір жүйелі және заңды кезеңіне өткенімізді айқындайды», - деп қорытты ойын Қ. Баймаханов. 

Соңғы жаңалықтар