Конституция күні қарсаңында бір топ ақмолалық алғыс хатпен марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Конституция күні қарсаңында Көкшетаудағы Ту тұғыры алаңында мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға аймақ басшысы Мәлік Мырзалин қатысып, жиналған көпшілікті мерекелерімен құттықтады.

 «Егеменді еліміздің барлық жеткен жетістіктері Конституциямыз бен соны негізге ала отырып дайындалған заңдар арқылы келді. 22 жыл бұрын қабылданған Ата Заңымыз жаңа қоғам, жаңа экономика мен тәуелсіз мемлекет орнатуға ықпалын тигізді. Конституция еліміздегі демократиялық үрдістерді орнықтырып, биліктің үш тармағын бекітті. Сөйтіп, ата-бабамыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіз мемлекетімізді құрып, әлем таныған елге айналдық. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдармен салыстырғанда ішкі жалпы өнім көлемі 25 есеге өсіп, жан басына шаққандағы табыс 12 мың АҚШ долларына жетіпті. Еліміздегі тұрақтылық пен татулық экономикамызды серпінді дамытуға ғана емес, шет елдерден инвестиция тартуға да игі ықпалын тигізіп отыр. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға екі  жүз миллиард доллардан астам инвестиция салынып, ол ел экономикасын дамытуға игі ықпалын тигізді»  - деп атап өтті Мәлік Мырзалин өз сөзінде.

Шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономкалық дамуына елеулі үлес қосқан біртоп ақмолалық облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Олардың арасында Бурабай ауданы әділет басқармасының басшысы Жарқынбек Мұхамеджанов, Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың мұғалімі  Жайнагүл Әдей, «Көкше» АҚ дәнекерлеушісі Артем Шумов, Көкшетау қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Зейнуллин және басқалары бар. Салтанатты шараның соңы байкерлер мен велошабандоздардың, автомобильшілердің қала көшелерімен еліміздің көк байрағын алып жүрген шеруімен жалғасты.
null

Соңғы жаңалықтар