Конгода пойыз аударылып, 30-дан астам адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасының оңтүстігін­дегі Луабаба провинциясында жүк пойызы аударылып, кем дегенде 33 адам мерт болды, деп хабарлайды АР агенттігі.

Пойызға жанармай тиелген, бұдан тыс, алдын ала мәліметтерге қарағанда, бір топ жолаушысы да болған. Тауға қарай көтеріле бергенде пойыз рельстен шығып кетіп, аңғарға құлаған, соның салдарынан жанармай өртенген.

«Аударылған жүк пойызы жолаушы тасымалдауға арналмаған. Демек, оның ішінде жолаушылардың болуы заңға қайшы», - дейді Конго ұлттық теміржол компаниясының өкілі.

Оқыс оқиға жексенбі күні болған. Пойыз Конгоның екінші ірі қаласы Лубумбашадан Луэна қаласына бара жатқанда апатқа ұшыраған.

Соңғы жаңалықтар