Көне Сарайшық қаласындағы қазба жұмыстары қайтадан басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Махамбет ауданының Сарайшық ауылында ескі қаланың орнын қазу жұмыстары қайта басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Бір кездері Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан көне Сарайшық қаласының орны - «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» нысандарының тізіміне енді», - деді Атырау тарихи-өлкетану мұражайының директоры Рашида Харипова.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында біздің музейіміз биыл көне қала орнын қазу жұмыстарын бастады. Соңғы рет мұндай жұмыстар он жыл бұрын жүргізілген. Археологтар қыркүйек айының соңына дейін жұмыс істейді», - деп мәлім етті Рашида Харипова. Көне Сарайшық қаласын зерттеу бағдарламасы келесі жылы да жалғасатын болады. 

Соңғы жаңалықтар