Коммунистер дәрі-дәрмектердің арзандайтынына сенбейді -Мәжіліс депутаты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықовтың айтуынша, бүгінде xалықтың басым бөлігі, әсіресе, ауыл тұрғындары «дәрі-дәрмектің бағасы түседі» деген сөзге көп сене бермейді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тегін дәрі-дәрмекті алатын адамдардың ұзынсонар кезектері азаятын емес. Халықты емдеуге қажетті бюджет қаржысы дұрыс бөлінбейді. Аймақтарға препараттар уақытында жеткізілмейді. Соның барлығы емдеу шараларына да кері әсерін тигізіп отыр. Дәріxаналарда баға айырмашылығы жер мен көктей», - деді Сыздықов бүгінгі пленарлық отырыста.

Осыған байланысты депутат өз атынан ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың атына сауал жолдады.

Оның ойынша, Президент Назарбаевтың дәрі-дәрмек саласын реттеуге қатысты тапсырмасы әлі күнге орындалмай отыр.

«Фармация комиеті дәрі-дәрмектің бағасын қалайша реттейтінін жан-жақты түсіндірмейді. Халықтық коммунистер фракциясы Мемлекет башысының тапсырмасын орындау жұмыстары белгісіз себептерге байланысты созылып кетті деп санайды. Осыған байланысты Сізден, Елжан Амантайұлы, дәрі-дәрмектердің бағасын реттеуге қатысты барлық құжаттарды ұсынып, осы тапсырманы орындау мерзімі мен оған жауапты азаматтарды көрсетуді сұраймыз», - деп атап көрсетті Сыздықов.

Айта кетейік, жақында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің өкілі Арнұр Нұртаев алдағы уақытта дәрі-дәрмектердің шекті бағасы қалайша енгізілетінін түсіндірген болатын.

Соңғы жаңалықтар