Коммуналдық апат салдарынан елордадағы бірқатар үйлер сусыз қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Жастар» мөлтек ауданында су құбыры жарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Астана су арнасы» МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 ақпан күні Асан Қайғы көшесі ауласындағы №4 үйде Иманов көшесінен Кравцов көшесіне дейінгі учаскеде Д=600 мм болат су құбыры жарылды. Басты себебі - құбырдың тот басуы», - делінген хабарламада.

Апатты-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жерге Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов келген. Ол әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхаметов, «Астана су арнасы» МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабден, сондай-ақ басқа да коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен көшпелі жиналыс өткізді.

«Астана су арнасы» мамандарының айтуынша, апат зардаптарын жоюға бір тәулік уақыт қажет. Мамандар тәулік бойы жұмыс жасайды. Қазіргі таңда тұрғындар үшін су тасымалдануда.

Еске сала кетейік, «Астана су арнасы» апаттық-диспетчерлік қызметіне бүгін таңғы сағат 5-те хабар келіп түкен. РЭУ-3 бригадасы құрамындағы 12 адам тез арада апаттың алдын алып, су құбырын жапқан.

12:00-дегі жағдай бойынша Т. Хусейн көшесіндегі 13, 13/1, 13/2, 15, 15/1, 15/2, 15/3, 15/4; Кравцов көшесіндегі 2, 2/2, 4, 4/1, 5, 5/1 үйлердегі су құбырлары толықтай қалпына келтірілді.

Қазіргі таңда төмендегі мекенжай бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде: Асан Қайғы көшесі, №1, 4; Кравцов көшесі № 1, 1/1; Тархан көшесі № 2, 4, 6, 8, 10.

Қалпына келтіру жұмыстары 2017 жылдың 21 ақпан күні сағат 10:00-де аяқталады.

Соңғы жаңалықтар