Көмір бағасының негізсіз көтерілуінің нақты себептері жарияланады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда көмір бағасының негізсіз көтерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білесіздер, бұған қатысты жағдай өткен жылдың қарашасында басталған болатын. Бағаның көтерілуі мен көмірдің жетіспеушілігіне қатысты болды. Үкімет отырысы барысында көмір құнын реттеуге байланысты ұсыныстарды әзірлеу мен бағаның көтерілуі себептерін анықтауға тапсырма берілді. Осыған байланысты біз тексеру шараларын бастаған едік және бұл жұмыстар аяқталуға жақындады. Бәсекелестік саласындаға біраз бұзушылықтарды анықтадық», - деді Жұманғарин.

Вице-министр тексеріс аяқталғанан кейін, ведомство нақты ақпаратты жариялайтынын атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, бағаны көмір карьерлері көтеріп жатқан жоқ. Бұған делдалдар деңгейіндегі бұзушылықтар ықпал етуде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Энергетика министрлігі көмірді жөнелту сызбасын қайта қарауды ұсынды. 

Соңғы жаңалықтар