Комаға түскен футбол фанаты сүйікті командасының әнұранын естігенде көзін ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда комаға түскен  ер адамның әйелі плеерде күйеуінің сүйікті командасы «Плимут Аргайл» футбол клубының әнұранын қосқанда  көзін ашқан.

Дәрігерлер миына операция жасап жатқан кезде инсульт алған 59 жастағы Плимут тұрғыны Тони Кемпті ажалдан алып қалу үшін 18 сағат күресті. Олар оның  өмірін сақтап қала алды, бірақ ер адам комаға түскен, деп жазады Metro басылымы.

«Маған дәрігерлер, егер 48 сағаттың ішінде күйеуім есін жимаса, онда  оның өмірін сақтап тұрған  аппаратты сөндіруге мәжбүр болатындықтарын айтты. Біз балалармен бірге онымен сөйлестік, қолын қыстық, бірақ өмірге оралатындай ешбір тіршілік нышанын байқамадық»,-деді зайыбы Тони Данна.

Әйелдің сөзіне қарағанда, енді күйеуін қайта көрмейтіндігін ұққан соң плеерде оның ең жақсы көретін командасы  "Плимут Аргайлдің" әнұранын қосқан. Міне ғажап, өзінің ұнататын музыкасын естіген Тони көзін ашты.

Соңғы жаңалықтар