Қолы жоқ суретші Қарқаралы музейіне Қазыбек бидің портретін сыйлады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Аяғымен және аузымен сурет салатын белгілі қылқалам шебері  Кәріпбек Күйіков Қазыбек бидің туғанына 350 жыл толуына орай Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық музейіне бидің портретін сыйға тартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Егіндібұлақ ауылындағы баспасөз конференциясында «Қаз дауысты Қазыбек би» картинасы Қарқаралы тарихи-өңірлік мұражайына салтанатты түрде табысталды.

«Егіндібұлақ - менің Отаным. Мен осы жерде туып-өстім», - деді Кәріпбек Күйіков.

Қарағанды облысы мәдениет, мұрағат және құжаттамалар бөлімінің басшысы Еркебұлан Ағымбаев суретшіні патриоттықтың, еңбекқорлық пен отансүйгіштіктің жарқын мысалы ретінде атап өтті.

«Жарылыс» деп аталатын суретші картиналарының бірін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит кезінде АҚШ президенті Барак Обамаға сыйға тартқан болатын.

«Кәріпбек Күйіковтың шығармашылығында ел құндылықтары, жасампаз болашаққа деген талпыныс бейнеленген. Осы құндылықтар үшін өз кезегінде халқы үшін Қазыбек би Келдібекұлы да аянбай еңбек еткен», - деді Еркебұлан Ағымбаев.

Мәдениет басқармасының басшысы бұл картинаның Қарқаралы аудандық тарихи-өңірлік мұражайындағы экспонаттар арасында ойып тұрып орын алатындығын айтты.  

 

Соңғы жаңалықтар