Коломина үшінші жүлдесінен кейінгі әсерімен бөлісті

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Елена Коломина үшінші жүлдесінен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.


«Міне, бүгін тағы бір медальға қол жеткіздім. Бұл - менің ел қоржынына салған үшінші жүлдем. Менде осыған дейін бір қола , бір күміс алғанмын, алайда маған керегі негізі алтын еді. Алайда, бірінші орын алған жапондық әріптесімнен сәл ғана қалып қойдым. Алда әлі де жарыстар бар. Алтын алуға тырысамын. Әлі де қазақ елінің туын көтеру үшін барымды саламын», - деп атап өтті Елена Коломина.
 

Естеріңізге сала кетейік, бұл сайыста бірінші орынды Жапония спортшысы, екінші орынды Қазақстан, үшінші орынды Қытай спортшысы жеңіп алды.

Фото авторы: Ізтұрған Алдауев 

Соңғы жаңалықтар