Коллектордағы апаттан кейін Орал қаласы аудандарына су берілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Коллектордағы апаттан кейін Орал қаласының шағынаудандарына су берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс су арнасы» ЖШС директорының бірінші орынбасары Салауат Айбатовтың айтуынша, кеше кешкісін қаланың 4, 5, 6, 7, 9, «Құрылысшы» және «Солтүстік-Шығыс» шағынаудандарына су беру қамтамасыз етілді.

Бұған дейін М.Шолохов көшесіндегі коллектордағы апатты жағдайға байланысты су сол аудандардағы тұрғындарға екі мезгіл беріліп келген еді. Қазір уақытша коллектор салынып, іске қосылды.

«Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлері үгітіліп, шіріп кеткен 64 метр құбырды қазып алды. Орнына жаңадан құбыр сатып алынды. Енді мердігер мекеме сол құбырды орнату жұмыстарына кірісетін болады.

Апатқа байланысты шығынды есептеу үшін Орал қаласы әкімдігі жанынан арнайы комиссия құрылып, жұмыс жасауда.

Еске сала кетейік, коллектордағы 30 сәуір күнгі апат салдарынан Орал қаласының тең жартысы дерлік сусыз қалғанын, содан кейін апатты жою жұмыстары жалғасып жатқанын жазған болатынбыз.

фото:news-factor.ru

Соңғы жаңалықтар