Колледж студенттері дұрыс тамақтанбайды - депутаттар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары кәсіби-техникалық білім бағдарламасын қаржыландыру көлемін арттыруды ұсынды. Осыған орай, олар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутат Кәрібай Мұсырманның айтуынша, жылдың басында өңірлерді аралау кезінде кәсіби-техникалық оқу орындарының ұжымдары қаржы тапшылығы мәселесін көтерді. «Біріншіден, колледждерге нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бөлінген қаражат жеткіліксіз. Себебі бір студентке ай сайын бөлінетін 32 831 теңгеден міндетті ыстық тамаққа жұмсалатын 13 450 теңгені алып тастағанда оқыту шығындары үшін небәрі 19 381 теңге қалады. Ал бұл сома 32 800 теңгеден кем болмауы тиіс. Екіншіден, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әрбір студенттің тамақтануына бөлінген 13 450 теңге, немесе әрбір күнге шаққанда 538 теңге аздық ететіні анық. 2012 жылы есептеліп бекітілген бұл сомаға содан бері ешқандай индекстеу жүргізілмеген. Қазір ол айына кемінде 18 300 теңге немесе әрбір күнге шаққанда 735 теңге болуға тиіс», - деп атап көрсетті К.Мұсырман.

Оның айтуынша, бүгінде нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясына тегін білім алып жүрген студенттерге шәкіртақы оқу үлгеріміне қарамай төленеді. Колледж ұстаздары оларға грант иегерлерімен бірдей талап қою қажет деп санайды.   

Айта кетейік, отырыс кезінде депутат Балайым Кесебаева Қызылорда мен Қостанай облыстарында уақытты өзгерту мәселесін көтерді. Себебі қазіргі уақыттың тәртібі xалықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр.  Ал генерал депутаттар әуежайлардың жеке меншікке берілуіне алаңдап отыр. 

Соңғы жаңалықтар