Көліктің қауіпсіздік қапшығын өндіруші Takata банкротқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автомобильдің қауіпсіздік жастықтарын шығарушы жапондық Takata компаниясы Жапония мен АҚШ-та банкротқа ұшырағандығы жайлы өтініш берді. Бұл туралы компанияның өтінішіне сілтеме жасаған Nikkei басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, банкротқа ұшырау туралы шешім компанияның  директорлар кеңесінің таңғы отырысында қабылданған. Өтініш Токионың аудандық сотына тапсырылды.

Takata-ның америкалық еншілес компаниясы TK Holdings те банкротқа ұшырағандығы жайлы АҚШ билігіне жеке өтініш білдірген. Takata бұғанға дейін америкалық автобөлшектер шығарушы Key Safety Systems-пен  (KSS) қаржылай қолдау көрсету жөнінде келісім жасаған. Takata акцияларының басым бөлігі америкалық компанияның үлесіне өтеді. Келісімнен түскен ақшаны жапондық өндіруші бүлінген қауіпсіздік жастықтарынан зардап шегушілердің өтемақысына жұмсайды. 

Соңғы жаңалықтар