Көліктерді енді еліміздің кез келген аймағында тіркеуге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері көліктерді тіркеу шарасын айтарлықтай оңтайландырды. Биылғы жылдың 26-қыркүйегінен бастап, ел аумағында көлік құралдарын тіркеуге эксмекенжайлы принципі енгізілді, деп хабарланды ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен.

«Енді кез келген тұрғындарға арнайы қызмет көрсету орталықтарында немесе Әкімшілік полиция комитетінің барлық тіркеу бекеттерінде кез келген аймақтың көлігін оның иесінің қайда тіркелгендігіне қарамастан есепке алуға болады»,-деді ІІМ ӘПК-нің төрағасы Игорь Лепеха.

Оның сөзінше, көлікті тіркеудің мұндай тәсілі Қазақстанда тіркелген жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді. Енді көлік сатып алған соң оны тіркеу үшін тұрақты тұратын жерге барудың қажеті жоқ.

Айта кететін мәселе - ІІМ тұрғындарға ыңғайлы жағдайлар жасау үшін кешенді шараларды қолға алып отыр. Осыған дейін автокөлікті есепке қою шарасы жеңілдетілген болатын. Яғни осы шараға қажетті құжаттардан заңды тұлғаның жарғысы алынып тасталды. Көлікті тіркеу туралы куәліктің көшірмесін беру кезінде көлік тексерілмейтін болды.

Сонымен қатар, жүргізуші куәлігін берудің эксөңірлік принципі енгізілді. Енді, еліміздің әрбір азаматы оның тіркелген жеріне қарамастан кез келген аймақтың тұрғындарға арнайы қызмет көрсету орталығынан ала алады. Бұған қоса А1,В, В1. категориялары бойынша жүргізуші куәлігін алу үшін автомектептерде оқу міндетті емес.

Соңғы жаңалықтар