Көлік сақшылары жолаушы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемнің шұғылалы мерекесі қарсаңында ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің қызметкерлері «Қарағанды-Қостанай» бағытындағы жолаушылар поезында жол жүріп бара жатқан барша әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары әйел азаматтарға өздерінің ізгі лебіздерін білдіріп, оларға түрлі-түсті жауқазындарды сыйға тартты. Расында полицейлер тарапынан көрсетілген бұл тосынсый жолаушылардың жүздеріне мерекелік көңіл-күй ұялатты.

Жолаушы әйелдер де көлік полицейлеріне деген шексіз ризашылықтарын білдірді.
null 

Мәселен, өзін 7 баланың анасымын деп таныстырған Күлаш Абутова Қостанай қаласына қыдырып бара жатыр екен. Алтын алқа иегері: «Поездарда көлік полицейлерін жиі көремін. Олардың жұмыстарына ризамыз. Ал бүгін, мереке қарсаңында күтпеген жерден бізге гүл шоқтарын сыйлауы көңілімізді бір көтеріп тастады. Еңбектерінің жемісін көрсін!», - деп аналық ақ тілегін жеткізді.

Өз кезегінде полицейлер мұндай мерекелік шараны өткізу департаменттің дәстүріне айналғандығын айтты. Сондай-ақ, көлік сақшылары барлық жолаушыларға теміржол объектілерінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша әзірленген буклеттер мен жадынамалар таратты.

Соңғы жаңалықтар