Көлік полицейі АҚШ-тағы Бүкіләлемдік ойындарда күміс жүлде еншіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Көлік полициясының қызметкері АҚШ-та 67 елдің полицейлері қатысқан Бүкіләлемдік  ойындарда күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

12 тамызда Лос-Анжелес қаласында грэпплинг бойынша полиция қызметкерлері арасында өткен дүниежүзілік ойындарда ҚР ІІМ көліктегі ІІД-інің қызметкері полиция подполковнигі Талғат  Қожабаев 125 келі салмақ дәрежесінде жүлделі ІІ орынға ие болып, күміс медаль алды.
null

Әлем чемпионатына 67 мемлекет қатысуда. Жекпе-жек нәтижесі бойынша І орынды  -Ресей, ІІ орынды - Қазақстан, ІІІ орынды АҚШ  иеленді.
null

 Сонымен қатар, 11 тамыз күні дзюдо бойынша полиция қызметкерлі арасында өткен  бәсекеде Талғат Қожабаев 100 кг жоғары салмақ дәрежесінде ІІІ орынға ие болып, қола жүлде алды.

Талғат Қожабаев халықаралық деңгейдегі спорт шебері, әлеуетті құрылым арасында үш дүркін әлем чемпионы, қазақ күресі, самбо және дзюдодан бірнеше мәрте чемпион атанған. Ішкі істер органдарында 10 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді және бүгінгі таңда көліктегі ІІД-інің арнаулы даярлық басқармасының басшысы.
null 

Айта кетейік, 10-16 тамыз аралығында АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің бүкіләлемдік ойындары өтіп жатыр. 67 мемлекеттен келген 8 мыңнан астам құқық қорғау органдарының өкілдері жүлде үшін бақ сынасуда.

null null

 

Соңғы жаңалықтар