Қол күресінен Қазақстан кубогы жарысының жеңімпаздары белгілі болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында қол күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы жарысының жеңімпаз-жүлдегерлері белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Гір спорты мен қол күресінен БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Мұрат Ибатовтың айтуынша, айтулы додаға Қазақстан өңірлерінен 200-ге жуық спортшы қатысып, өзара сайысқа түсті.

Жарыс қорытындысында әйелдер арасында Арайлым Сағатилла (50 кг, Жамбыл облысы), Әйгерім Тоқтарова (55 кг), Татьяна Грекова (60 кг, екеуі де ШҚО-дан), Алена Архипенко (65 кг, СҚО), Зарина Мусина (70 кг, ШҚО), Елизавета Решетникова (80 кг, Алматы облысы), Жансүйген Мәмедова (+80 кг, Маңғыстау) жеңімпаз атанды.

Ерлер арасында Бариш Рейисов (55 кг, Жамбыл), Рахат Қабылов (60 кг, БҚО), Мансұр Қамбаров (65 кг, Жамбыл), Талғат Қанаев (70 кг, Алматы қ.), Александр Каменский (75 кг), Абдулманап Тузуев (80 кг, екеуі де Алматы о.), Данил Борисов (85 кг, Ақмола), Юрий Вобликов (90 кг, СҚО), Нұрсейіт Тұрланбаев (100 кг, Маңғыстау), Кирилл Литовченко (110 кг, Астана) және Евгений Пятов (+110 кг, Алматы о.) топ жарды.



Осылайша, Оралдағы №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Р.Қабылов та үздіктер қатарынан көрінумен бірге спорт шебері атағын орындады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар арасында АРМ 4 тобы бойынша Қаратөбе ауданының спортшысы Есеней Жақыпов 70 кг салмақта чемпиондық атаққа ие болды. Оған қоса ерлер арасында №4 БЖСМ-дан Қайсар Қабылов (85 кг) күміс жүлдегер атанса, қаратөбелік Фархат Қалиев үшінші орынға көтерілді. Әйелдер арасында 65 кг салмақта Арайлым Қанатова (65 кг, №4 БЖСМ) екінші, әуе спорты түрлерінен БЖСМ тәрбиеленушісі Анель Алшынова үшінші орынға табан тіреді. 55 кг салмақта тағы бір батысқазақстандық Жанна Қазтуғанова қола жүлдені еншіледі.

Спортшыларды М.Ибатовпен бірге жарысқа қаратөбелік бапкер Нұрхат Нысанов және Рауан Амангелдиев (әуе спорты түрлерінен БЖСМ) дайындады.

Соңғы жаңалықтар