Көктемде су басуды болдырмас үшін Маңғыстауда уақытша арықтар қазылады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда көктемгі су тасқыны қарсаңында уақытша арық жүйесі қазылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жыл сайын толассыз жауған жауыннан Маңғыстау облысы елді мекендерінің белгілі бір аумақтарында селдің пайда болуы себепті биыл Жаңаөзенде және өңірдің 4 елді мекені мен 3 ауданында уақытша арық жүйесі қазылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өтуге дайындық» атты брифингте айтылды.

«Мұнайлы ауданының елді мекендерінде типтік дренажды жүйелер құрылысына дейін арықтар қазылып, 3 шақырымнан астам құбырлар орнатылды, осылайша уақытша арық жүйесі қамтылды. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері (жасанды) су өткізу ғимараттарын тазалау және жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Маңғыстау ауданы «Қаламқас» кен орнындағы (ұзындығы 30,4 шақырым)  және Түпқараған ауданы «Қаражанбас» кенішіндегі (16 шақырым) судан қорғайтын екі бөгеттің жағдайы қанағаттанарлық. Теңіз деңгейі қалыпты және тереңдігі 27-30 метр айналасында.  Төтенше жағдайды ескертіп, салдарын жою бойынша арнайы шаралар атқару үшін 843 адам, 127 дана техника, 10 жүзу құралдары және 31 мотопомпадан ІІМ және жергілікті атқару билігінің тобы құрылды. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда жеке құрамы 575 адам, 112 дана техниканы құрайтын жедел әрекет ету жасақтарының күш-құралдары тартылады. Облыста су тасқыны жағдайына 1145 тонна инертті материал, 1252 тонна жанар-жағармай, 1050 дана ыдыс-қап сатып алынды, әкімдіктер мен азық-түлік жеткізетін ұйымдар арасында 87 шарт бекітілді», - деді Маңғыстау облысы ТЖ департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Рәміл Камалов.

Маңғыстау облысының 2017 жылғы Төтенше жағдайға жинаған қоры 120 миллион теңге, қалалар мен аудандардың қоры 10 миллион теңге.

Маңғыстау облысы су тасқыны кезеңі жағдайы тұрақты. Синоптиктердің болжауынша, жақын арада мол жаңбыр жаумайды. 

Соңғы жаңалықтар