Көктайғақта 20-дан астам астаналық жарақат алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні, 20 наурызда «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының» жарақат бөліміне Астананың 40 тұрғыны жүгінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олардың 23-і көшедегі көктайғақта құлап, жарақат алған. Оларға медициналық жәрдем көрсетілді және амбулаториялық емдеуге жіберілді. Яғни, ауруханаға жатқызу қажеттілігі туындаған жоқ», - деп хабарлады институттың баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендердің сіңірлері созылған және аяқтарын соғып алған.

Синоптиктердің хабарлауынша, мереке күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде мереке күндері жауын, қар аралас жаңбыр жауады.

Соңғы жаңалықтар