Көктайғаққа байланысты Қазақстанның шығысындағы жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты бірнеше жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «ҚазАвтоЖол» ЖШС деректеріне сілтеме жасап.

Ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) Өскемен- -Зыряновск-Қатонқарағай-Рахманов қайнарлары жолының Ушаново елді мекенінен Зыряновск  қаласына дейінгі учаскесі жабық.

10 наурыз күнгі кешкі 23:20-дан бастап көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтатылды.

Аталған автожолдың Северное ауылынан Серебрянск қаласындағы бұрылысқа дейін 2017 жылдың қарашасынан бері тіркемесі бар жүк көліктеріне жол жабық.

Сондай-ақ қысқы маусымда  жол қозғалысын қауіпсіз ету мақсатында Осиновский асуында да шектеу енгізілген.

Соңғы жаңалықтар