Көктайғақ: Қызылорда облысында жарақат алғандар саны күрт артты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты әр түрлі жарақат алып жатқандар саны артып келеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сүйенсек, Қызылорда қалалық ауруханасының травматологиялық бекетіне 20 ақпан күні кешкі 20:00-ден бастап медициналық көмекке жүгінген 8 адамның 6-ауы көшеде жарақат алған.

Ал 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түнде ауруханаға әр түрлі жарақат алып (48 өздігінен, 17 жедел-жәрдем арқылы) 65 науқас келіп түскен. Оның 40-ы көшеде жарақат алған.

Бекетке келіп түскен 65 науқастың 4-еуі ауруханаға жатқызылса, 61-і үйлеріне қайтарылған.

Фото: belnovosti.by

Соңғы жаңалықтар