Көкшетаулықтың «IronMan» костюмдеріне көптеген елдерден тапсырыс түседі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 26 жастағы Алексий Одтың жасайтын дүниесін хобби деп атауға келмейді. Себебі, ол 14 «IronMan» костюмдерін жасап шығарған. Көкшетаулық шебер «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне өзінің ерекше кәсібі туралы айтып берді.



«Мен 9-сыныптан кейін радиомеханика лицейіне бардым. Музыкалық училищеде, шаштаразда да оқыдым. Осы уақыт ішінде музыкамен айналыстым. Топтарда ойнап, ән жаздым. Өз ісімді тапқанға дейін солай болды», - деді Алексий.

Оның Темір адамды жасауына фильмдер мен жан қалауы ықпал еткен. 

«Мен әрдайым суперқаһармандар туралы киноларды жақсы көретінмін. 4 жыл бұрын «Темір адам» киносын көріп, Тони Старктің костюмін жасағым келді. Мен ол кезде жарнама агенттігінде жұмыс істейтінмін. Сол кезде Желіден осындаймен айналысатын Курскіде тұратын жігіттің видеоларын көріп, дулыға жасадым. Содан бастап бұл іс менің хоббиіме, ал қазір негізгі және сүйікті ісіме айналды», - деді Алексий.

Шебер жігіт алғашқыда өзі үшін костюм жасамақшы болған.

«Алғашқы костюмді жаз бойы жасадым. Жұмыстан кейін тек сонымен айналысып жүрдім. Оны аяқтағаннан кейін «бұл маған не үшін керек?» деген ой келді. Сосын Украинада тұратын адамға сатып жібердім. Кейін пластиктен екі Темір адам костюмін жасауға тапсырыс түсті. Оны жасауға жарты жыл уақыт кетті, досым екеуміз қаншама күш жұмсадық! Қазір костюмдерді жасауға бір жарым ай уақыт жұмсаймын. Бұл іс маған пайда емес, керісінше шығынға батырды. Бірақ жақсы өмірлік сабақ болды», - дейді ол.

Суперқаһармандардың костюмін жасау үлкен сұранысқа ие болған. Шеберге әлемнің барлық түкпір-түкпірінен тапсырыстар түсуде. Алексийдің жасаған темір адамдарын Ресей, Болгария, Үндістаннан көруге болады. Тағы бірнеше костюмдері Астана мен Алматыға жөнелтілген.

«ЭКСПО үшін де костюмдер жасадым. Темір адам көк-сары түсте шықты және ЭКСПО деген жазуы болды», - деп бөлісті Алексий.



«1 маусымда қала орталығына шығып, Темір адамды баршаға көрсеткім келеді. Әркім өз ісін сүюі керек, оған барын салса ғана, ол баршаға бақыт әкеледі. Немен айналысатының маңызды емес, бастысы - оны махаббатпен жаса!», - деп түйіндеді Алексий.

Публикация от alex od (@alexironman_3) 19 Мар 2018 в 6:08 PDT

Соңғы жаңалықтар