Көкшетаулық жұп халықаралық би турнирінде жүлдегер атанды

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚаАқпарат-Көкшетаулық жас бишілер Мәскеуде өткен «Русский стандарт 2017» халықаралық би турнирінде жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша жарысқа Эстония, Молдова, Қазақстан, Италия, Қырғызстан, Беларусь, Латвия, Әзербайжан сияқты 40 мемлекет пен Ресейдің 40 өңірінен келген 50 топ қатысты.

Оның ішінде Қазақстан атынан барған көкшетаулықтар Дмитрий Шувалов пен Мəдина Аманжолованың жұбы табысты өнер көрсетті.

«Реверанс» спорттық би клубының шәкірттері «Ересектер жəне жастар арасында бақ сынады. «А» санатында екінші, латынамерикандық бағдарламада үшінші жəне WDSF «Жастар+ересектер» санатында 7 орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар