Көкшетаулық жатып штанг көтеруден Азия чемпионы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Көкшетаулық спортшы Илья Кирилловский Филипин елінде өткен Азия чемпионатында «алтын» медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша,  Кессон  қаласында жатып штанг көтеру бойынша өткен Азия чемпионатында ақмолалық екінші спортшы «алтын» медальға қол жеткізді. Бұл жолы Илья Кирилловский 66 келі салмаққа дейінгілер арасында топ жарды. Сонымен қатар, 83 келіге дейінгі салмақ бойынша Александр Супронков «күміс» жүлдегер атанды.

Еске сала кетейік, аталмыш жарыста осыған дейін 105 келі салмаққа дейінгілер арасында сынға түскен жерлесіміз Сергей Вайгант 300 келі  нəтижесімен жарыс жеңімпазы атанған еді. Сонымен қатар, ол абсалютті есеп бойынша қола медаль иегері атанды.

Ақмолалықтардың жаттықтырушысы, əлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы Кирилл Павленконың сөзіне қарағанда байрақты додаға Ақмола облысынан 5 спортшы қатысқан. Оның ішінде үш спортшы Сергей Вайгант, Илья Кирилловский және Александр Супронков жеңіс тұғырынан көрінді.

Соңғы жаңалықтар