Көкшетаулық триатлоншы Чехияда қола жүлдеге ие болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық триатлоншы Чехияның ашық чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Чехияның Карловы Вара қаласында осы елдің ашық біріншілігі өтті. Байрақты додада Қазақстан құрамасы сапында Ақмола облысынан 9 триатлоншы болды.  Спортшылар 700 метрге суда жүзу, 5 шақырымға жүгіру жəне 20 шақырымды велосипедпен жүріп өтуі тиіс болатын. Соның ішінде 155 триатлоншының арасында жерлесіміз Аян Бейсенбаев екі спортшыны алға жіберіп, жүлделі үшінші орыннан көрінді.
null 

"Жерлесіміз тамаша көрсеткішке қол жеткізді. Аян өте еңбекқор. Уақытының көбін жаттығуға жұмсайды. Алдағы уақытта шеберлігін одан сайын шыңдап, жарыстарда тек жеңіс тұғырынан көрінуге тырысатын болады", -деді жаттықтырушысы Юрий Соловьев.

null 

Соңғы жаңалықтар