Көкшетаулық палуан ел чемпионы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық палуан Диас Сағдатов ел чемпионатында алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Жезқазған қаласында 2002-2004 жылғы ұлдар және қыздардың арасында еркін күрестен Қазақстан біріншілігі өтті.
null 

«Ұлытау» спорт сарайында ұйымдастырылған белдесуде көкшетаулық палуандар үздік үштіктен көрінді. Оның ішінде Олжас Әшімов жаттықтыратын №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің шәкірттері табысты өнер көрсетті.

58 келі салмақ бойынша белдескен Диас Сағдатов бірінші орын алса, 63 келі салмақтағылар арасында Жасұлан Бексұлтанов екінші орыннан көрінді.
null 

Сонымен қатар, қыздар арасында 48 және 34 салмақта боз кілемге шыққан Гаухар Амантай мен Ирина Огнева екінші және үшінші орындарды місе тұтты.
null

Соңғы жаңалықтар