Көкшетаулық 74 жастағы қария әлем чемпионы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық 74 жастағы қария Борис Нұғыманов кір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Корей елінің Сеул қаласында кір тасын көтеруден әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 34 елден келген 500-ден астам атлет қатысты. Олардың арасында көкшетаулық спортшылар абыройлы өнер көрсетті. 70-74 жастағы қариялар арасында сынға түскен Борис Нұғыманов жұлқа және сілке көтеру әдістері бойынша әлем чемпионы атанды.

«Бұл әдістер бойынша кір тасын көтеру өте қиын. Кеуде, қол бұлшық еттеріне салмақ түседі», - дейді Б.Нұғыманов.

Сонымен қатар, ардагер қоссайыс бойынша екінші орынан көрінді.

Қария кір тасын көтеруден басқа ағымдағы жылы зілтемірді жатып көтеру бойынша Қазақстан чемпионы атанды.

Енді келер жылдың мамыр айында Будапешт қаласында өтетін Еуропа чемпионатында дайындықты бастап кетті.

Соңғы жаңалықтар