Көкшетауда «жеңгетайлықпен» айналысқан сауна әкімшісі ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері республикалық «Стоп трафик» жедел алдын алу шарасының алғашқы күнін қорытындылады, деп хабарлайды « ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында бастау алған шараның алғашқы күні Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері көңіл көтеру орындары, қонақжай кешендері, монша, сауна жəне жалдамалы пəтерлерге тексеріс жүргізді.  Əсіресе, фермерлік шаруашылық, құрылыс нысандары назарға алынды.

Нəтижесінде рейдтік шара барысында Көкшетау қаласындағы сауналардың бірінің 23 жастағы əкімшісі ұсталды. Ол клиенттеріне 21 жастағы қызды жыныстық қызмет көрсету үшін 2000 теңгеге ұсынып отырған.

Қазіргі кезде, күдікті ұсталынып, оған қатысты ҚР ҚК 309-бабының 1- бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласында жолаушылар тасымалымен айналысатын 44 жастағы ер адам ұсталды. Полицейлердің дерегі бойынша, күдікті 8 ай бойы Щучье қаласының тұрғыны, 29 жастағы азаматшаны қорқыту жəне күш қолдану арқылы жезөкшелікпен айналысуға мəжбүрлеген.

Қазіргі кезде күдіктіге қатысты ҚР ҚК 308-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа  дейінгі амалдар жүргізілуде.

Республикалық «Стоп трафик» жедел алдын алу шарасы 2016 жылдың 8 желтоқсанына дейін жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар