Көкшетауда жауыр болған жол мəселесі шешілетін болды

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Көкшетауда көптен айтылып жүрген жол мəселесі шешіледі. Бұл туралы аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің көкшетаулықтар арасында "Собачий хутор" атанып кеткен шағын ауданда абаттандыру жұмыстарымен танысу кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, соңғы кездері аталмыш аумақта тұратын көкшетаулықтар тарапынан жол сапасына қатысты жиі мəселе көтеріліп келеді.

Қала әкімі Ермек Мыржықпаевтың сөзінше, облыс орталығында М.Ғабдуллин көшесін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш көше Абылайхан даңғылы жəне Əуезов көшесімен түйісетін болады.

"Көпір салу үшін қаражат бөлдік. Көпірдің құрылысымен қоса, оның маңы да абаттандырылатын болады. Биылғы жылы қаланың іргесіндегі Краснояр, Станционный жəне Бірлік шағын аудандарындағы көшелер жөнделді.
Келер жылы  Тəшенов (Əуезов көшесінен Байтұрсынов көшелеріне дейін) көшесі бойына құм аралас қиыршық тас төсеу көзделген", деп атап өтті қала әкімі.

Аталған аумақты дамыту жоспарларымен танысқан аймақ басшысы жобаға инженерлік желілерді жөндеу, көшелерді жарықтандыру жəне жол құрылысы сияқты жұмыстарды енгізуді тапсырды.

"Бұл ауданда ең бастысы сəулет-кеңістік бойынша дұрыс шешім шығарып барып қана жолға, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жұмыстарын бастау қажет", деді аймақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар