Көкшетауда жас жігіт 9 қабатты үйдің шатырынан секірмек болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда суицид жасамақ болған 23 жастағы жігіт құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, оқиға 16 сәуір күні кешікілік уақытта Көкшетау қаласында болған.

«1995 жылғы жігіт М.Горький көшесінің бойындағы 9 қабатты тұрғын үйдің шатырына шығып, секірмек болды. Бұл туралы оның досы Көкшетау қалалық ІІБ «102» арнайы телефон нөмірі арқылы хабарлады. Оқиға орнына қалалық ІІБ басшысы К.Нұрмағамбетов пен орынбасары А. Байғожин  бастаған жедел тергеу тобы барды. Олар 40 минут бойы жігітті райынан қайтаруға тырысып бақты. Кейін анықталғандай, жігіт қызымен сөзге келіп қалғандықтан осындай қадамға бармақ болған. Оқиға орнына қызды жеткізгеннен кейін жігіт сабырға келіп, жерге түсті», - деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметінен.

Публикация от Кокшетау | Акмолинская область (@kokshevideogram) 16 Апр 2018 в 10:51 PDT

Соңғы жаңалықтар