Көкшетауда ұялы телефондар ұрысы ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда сауда үйлерінің бірінен  7  ұялы телефонды үптеп кеткен студент ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 21 наурызында Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне 30 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының  сөзіне қарағанда, белгісіз біреулер қаладағы сауда үйінің терезесін бұзып кіріп, ұялы телефон сататын дүңгіршектен  7 бірдей «Самсунг» телефондарын алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 310 000 теңгені құрады.

«Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті бес күн өткен соң ғана ұсталды. Оның жергілікті жоғары оқу орнының студенті екендігі анықталды. 23 жастағы күдікті ұрланған телефондардың төртеуін Астана қаласында сатып та үлгерген. Қалғандарын полицейлер заттай айғақ ретінде тәркіледі. Күдікті ұрлықты мас болғандықтан жасағанын айтуда.

Қазіргі кезде, күдіктіден түсініктеме алынып, ҚР ҚК 188 бабының 1бөлімі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар