Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -24 °С
Алматы: -7 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Көкшетауда тағы бір онкологиялық орталық салынады

2018 жылғы 14 ақпан 05:32 490
Поделиться:
 Көкшетауда тағы бір онкологиялық орталық салынады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында тағы бір онкологиялық емхана салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді енді квазимемлекеттік сектор бақылайды Ақтөбеде қатерлі ісікке шалдыққан науқастар дәріні уақытылы жеткізуді сұрады

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша,  жыл сайын дүниежүзінде 10 миллионнан астам адам онкология дертіне  шалдығады екен.  Ақмола облысы бойынша бұл көрсеткіш 1800 адамнан асады.

Қазіргі кезде, облыс орталығында жалғыз онкологиялық диспансер бар. Амбулаториялық және стационарлық науқастар осындағы бір ғана диагностикалық аппаратта тексерілуде. Тіпті кейбір науқастар амалсыздан толық тексерістен өту үшін көрші облыстарға баруға мәжбүр.

Сондықтан, бұл проблеманы шешу үшін және онкологиялық ауруларды алдын ала анықтау мақсатында республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Оған 150 келушіге арналған онкологиялық емхана салу көзделіп отыр.

 «Жаңа емхананың ашылуы бұл дертті алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Ал, бұл өз кезегінде науқастардың өмірін ұзартуға септігін тигізеді», - деп түсіндірді Ақмола облыстық онкология ауруханасының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістеме жұмыстары жөніндегі  орынбасары  Татьяна Зиновьева.

Бұл жобаны жүзеге асыру тұрғындарға сапалы, жоғары  деңгейде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Ғимарат  4 қабаттан тұратын болады. Кешен заманауи медициналық құралдармен жабдықталады. Осының арқасында онкологиялық ауруларды алдын ала анықтауға және осы дерттен көз жұматын адамдардың санын азайтуға қолжеткізілмек.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат