Көкшетауда порнографиялық дискілерді таратумен айналысқан келіншек ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда порнографиялық дискілерді таратумен айналысқан 34 жастағы келіншек ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, 21-23 ақпан аралығында ІІД криминальдық полиция басқармасының «К» бөлімшесінің қызметкерлері Көкшетаудағы орталық базар аумағында жүргізген «Контрафакт» жедел алдын алу шарасы барысында «пираттық жолмен» шығарылған DVD және CD-дискілерін саудалап жүрген 34 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Тексеріс кезінде күдікті әйелден контрафактілік 149 дана CD-DVD дискілері тәркіленеді.  Оның 12-сі порнографиялық. Тәркіленген дискілердің барлығы сараптамаға жіберілді. 

«Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 311 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар