Көкшетауда өтіп жатқан жəрмеңкеге құны 114 миллион теңгенің азық-түлік өнімдері əкелінді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында Бурабай, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандары және облыс орталығы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қатысуымен арзан азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Жәрмеңкені облыс әкімі Сергей Кулагин аралап көріп, азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды. Жәрмеңкеге аталған аудандардан бөлек Ақкөлдегі  "Ұш бұлақ" ЖШС, Аршалы ауданындағы "Ижевск" өндірістік кооперативі жəне Целиноград ауданындағы "Capital Project Ltd" ЖШС өнімдері ұсынылды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, бұл жолы жәрмеңкеге 57 түрлі азық-түлік әкелініпті. Оның жалпы құны - 114 миллион теңге болады.

Оның ішінде 66 тоннаға жуық ет пен шұжық, 13 тонна балық, 250  мың дана жұмыртқа, 22 тонна ұн мен макарон, 80 тонна картоп, 73 тонна көкөніс, 5 тонна қант, 10 мың литр күнбағыс майы, 21 тоннадан астам сүт және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілген. Азық-түлік өнімдері нарықтағы бағадан  15-20 пайыз арзан сатылуда. 

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар