Көкшетауда өртенген автобуста 25 адам болғаны анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда өртенген автобуста 25 адам болғаны анықталды. Олардың барлығы "Көкше цемент" АҚ жұмысшылары мен жолаушылар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша оқиға түнгі сағат 23:00-ден аса орын алған.

"Автобус  "Көкше цемент" АҚ тиесілі. Қоғамдық көліктің ішінде 25 адам болды. Олар Біржан сал ауданындағы Заозерное ауылындағы кірпіш зауытынан вахтадан үйлеріне келе жатқан жұмысшылар мен жолаушылар. Зардап шеккендер жоқ. Көліктің ішінде болғандардың барлығы құтқарылды. Құтқару жұмыстарына жол патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері атсалысты", деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Г.Пинчук.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде.

Еске сала кетейік, осыған дейін  хабарлағанымыздай автобустың өртеніп жатқандығы туралы жергілікті əлеуметтік желіде бейнежазба тараған болатын.

Фото: bjornsramblings.blogspot.ru

Соңғы жаңалықтар