Көкшетауда неке сарайы пайдалануға берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Көкшетауда Ақмола облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен облыс орталығында шығыс сәулет өнерінің классикалық үлгісімен салынған жаңа «NEKE Sarai у» неке сарайы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қос қабатты ғимараттың құрылысын бас мердігер «Ақ сәуле» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Ғимарат алып киіз үй үлгісінде салынған. Сәулеті келіскен, қазіргі заман талабына сай мұндай ғимараттар республиканың бірқатар облыс орталықтарында ғана кездеседі. Бірінші және екінші қабаттар бөлінбейді, яғни бәрі бір шаңырақ астында.

Ғимараттың жалпы ауданы 1797,1 шаршы метрді құрайды. Нысанның астыңғы бөлігінде кіреберіс зал, киім ілетін орын, азаматтық хал актілерін тіркеу жұмыс кеңсесі, қонақтарға арналған бөлме, күйеу жігіт пен қалыңдықты салтанатты рәсімге дайындайтын бөлмелер, қызметшілердің кабинеттері орналасқан. Салтанат залынан бөлек үш холл, касса, фото, бухгалтерия бөлмелері бар. Жаңадан еңсе тіктеген Неке қию сарайында азаматтық хал актілерін жазу бөлімі қызметі үшін барлық жағдай жасалынған.

null 

Нысанның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі қоғамның ұясы - отбасын құрудағы алғашқы қадам некені салтанатты тіркеуден басталатынын атап өтті.

«Елімізде жыл сайын Тәуелсіздік мерекесі күні әлеуметтік-өндірістік нысандарды пайдалануға беру дәстүрге айналған. Біздің облысымызда да жаңадан тұрғызылған, заманауи, келісті де келбетті тұрғын үйлер мен өндіріс нысандары көптеп берілуде. Бүгін өздеріңіз куә болып отырғандай салтанат сарайын ашып отырмыз», - деді Мәлік Мырзалин құттықтау сөзінде.

null 

Салтанатты шара барысында облыс әкімі осы сарайдың табалдырығын алғаш аттаған сегіз жұптың неке қию рәсіміне куә болып, жас отбасыларды қуаныштарымен құттықтады.

null 

Соңғы жаңалықтар