Көкшетауда мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасындағы КТК-ның жеңімпаздары анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ел тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасындағы көңілділер мен тапқырлар клубының сайысы өтті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

null
Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында ұйымдастырылған шараны тамашалауға келген көрермендердің арасында облыс  әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары мен жұртшылық өкілдері, жастар болды.

null

Іс-шара облыстық әкімдіктің қолдауымен, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің  бастамасымен ұйымдастырылды. Оған облыстық әділет, мемлекеттік кіріс және ішкі істер департаменттерінің талантты жастары қатысып, өздерінің өнерлерімен көпшілікті  тәнті етті.
Сайыс сәлемдесу, Биатлон және «25 жыл біргеміз» атты үй тапсырмасы түріндегі үш кезеңді қамтыды. КВН-шылардың дайындығы мен сахнадағы актерлік шеберліктеріне, өздерін еркін ұстау тəрізді өнерлеріне көрермендер риза болысты.

Шара барысында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов барша қауымды маңызды мерекеміз - ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.

null

Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды облыстық ішкі істер департаментінің «ДВД құрамасы» жеңіп алды,  екінші орынға мемлекеттік кіріс департаментінің «Мемлекеттік кірістер достығы» командасы ие болды. Ал жүлделі үшінші орын «Әділет» командасының еншісіне бұйырды. Сонымен қатар, «Үздік ойыншы», «Үздік рөл» аталымдары бойынша команда мүшелері арнайы дипломдармен марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар