Көкшетауда құқық қорғау қызметтерін ұсынатын орталық ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Көкшетау қаласында ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Ақмола облыстық прокуратурасының ғимаратында құқық қорғау қызметтерін ұсынатын орталық ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нысанның ашылуына аймақ басшысы Мәлік Мырзалин, ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов және құқық қорғау органдарының басшылары мен ардагерлері қатысты.

null 

Орталықтың негізгі міндеті - шағымдарды жедел шешу, азаматтардың құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жою. Орталықта әкімдік, құқық қорғау органдары, пробация, әділет, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері, адвокаттар мен медиаторлар қызмет көрсетеді.

null 

Сонымен қатар, орталықтың кіреберісінде рецепшн, қызмет түрі мен кезек санын анықтайтын арнайы терминал, күту залы және клиенттердің балалары ойнайтын орын да қарастырылған.

null null 

Соңғы жаңалықтар