Көкшетауда қоян-қолтық ұрыс өнерінің ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде жаңа оқыту-жаттығу кешені мен ғылыми-зерттеу орталығы ашылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Елорда күніне тарту ретінде пайдалануға берілген жаңа оқыту-жаттығу кешенінде келешек өрт сөндірушілер кәсіби білім алып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алады.

"2009 жылы біздің колледжде өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметтеріне аса қажетті «Өрт қауіпсіздігі» және «Төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаныс» мамандықтары ашылды. Енді студенттер спорт манежінің ғимаратындағы төрт қабатты және үш жолақты өрт мұнарасында жаттыға алады. Мұнда кез келген жыл мезгілінде және биіктікте шынығуға болады. Осындай тамаша нысандарды пайдалануға беру ақылы біздің колледж Астана күнін ел болып тойлауда өз үлестерін қосуда",  - деп атап өтті Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің басшысы Шоқан Қасым.

Ал қоян-қолтық ұрыс өнерінің ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы жас спортшылардың жаттығу үрдісіне ғылыми тұрғыда қарап, кәсіби шеберліктерін көтеруге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, ұрыс өнеріндегі əдіс-тəсілдерді зерттеп, кемшіліктерді жоюға бағытталған.

2 3 

Соңғы жаңалықтар