Көкшетауда Қопа көлінің жағасы абаттандырылуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қопа көлінің жағасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің облыс орталығындағы əлеуметтік-өндірістік, коммуналдық нысандарды аралаған кезінде айтылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аймақ басшысы алдымен Көкшетау қаласының 2030 жылдарға дейінгі детальдық жоспарлау жобасымен танысты. Оның ішінде Қопа көлінің жағасын қалпына келтіру жұмыстары қарастырылған. Қазіргі кезде көл жағасын бойлай орналасқан  ескі үйлер сүріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, бұл аумақтағы 31 үйді сүру жоспарланған. Ол үшін қала бюджетінен 384 миллион теңге қарастырылған. Ағымдағы жылдың ақпанында осы аумақтағы жер телімдері мен жылдымайтын мүлікті мемлекет қажеттілігіне алу туралы Көкшетау қаласы әкімінің қаулысы шыққан болатын.

"Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен Береговая көшесінің бойындағы жылдымайтын мүлкімен бірге жер телімдерін сатып алу туралы келісім шаралары жүргізілді", деп түсіндірді қала әкімі Ермек Маржықпаев.

Аймақ басшысы көл жағасы аумағын абаттандыру қажеттігін айта келе, бұл бағытта қолға алынған жобаны қолдайтынын айтты.
Сонымен қатар Мəлік Мырзалин Горький-Северный жəне Горький-Əуезов көшелерінің қиылысындағы көлік ағынын реттеу үшін жол айырығын салу жоспарымен танысты.

Оған қоса аймақ басшысы Капцевич жəне 8 Наурыз көшелерінің бойындағы су кірген үйлердегі су сору жұмыстарымен танысты.
Облыстық ТЖД басшысы Алексей Советовтың мəліметі бойынша су сору шараларына тартылған техникалар тəулік бойы үзіліс жұмыс істеп, су басқан аумақтар судан тазартылды.

Аймақ басшысы тиісті қызметтерге облыс жəне қала бойынша су тасқынының қаупі жоғары аумақтарды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар