Көкшетауда қарақшылар «Қазпошта» бөлімшесін тонап кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда қарақшылар «Қазпошта» АҚ бөлімшесін тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертең сағат 11:00-дерде Көкшетау қаласының іргесіндегі Застанционный кентінде «Қазпошта» АҚ бөлімшесі тоналды, деп мәлім етті Ақмола облыстық ІІД баспасөз хатшысы Əсем Əбдрахманова. -Алдын ала мəлімет бойынша тонаушылар екеу болған. Ешкім зардап шеккен жоқ».

ІІД дерегі бойынша тонаушылар пошта ғимаратына медициналық маска киіп, баса көктеп кірген. Қолдарында ұстаған тапаншаға ұқсас қарумен қызметкерлерді қорқытып, кассадан 1 миллион теңгені үптеп кеткен.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімі бойынша (қарақшылық) қылмыстық іс қозғалып, қылмыскерлер іздестірілуде.

Оған қоса əлеуметтік желілерде аталмыш пошта бөлімшесінің тоналғаны туралы видео тарауда.

Сегодня, в день получения пенсии, ограбили отделение почты в "шанхае". Сумма похищенных денег - 1 млн тенге. Кадры с камеры видеонаблюдения. По информации пресс-службы ДВД области, грабителям удалось скрыться с места происшествия, сотрудниками полиции проводятся оперативно-розыскные мероприятия. #кокшетау #шок #казпочта #грабежсредьбеладня #ограбление

A post shared by "Любимый город Кокшетау" (@lgorod.kz) on Oct 3, 2017 at 6:59am PDT

Соңғы жаңалықтар