Көкшетауда қалалық саябақта ойран салғандар ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда қалалық саябақтағы жарық шамдары мен сәулет мүсіндеріне қырғидай тиіп, ойран салған бұзақылар ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 17 мамырында Көкшетау қалалық ІІБ жедел тергеу тобының қызметкерлері облыстық денсаулық сақтау басқармасының ғимараты мен Әуезов көшесінің бойындағы аллеядағы  темір бағанда орнатылған 7 жарық шамының бүлінгенін анықтаған. Оның ішінде 2 жарық шамы бағанасымен бірге  жұлып құлатылған. Оған қоса, Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық Қазақ музыкалық драма театрының маңындағы сәулет мүсініне зақым келтірілген.
null

Жедел іздестіру шарасы барысында көп ұзамай бейнебақылау камерасының көмегімен күдіктілер - Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары қолға түсті. Олардың бірі Көкшетау қаласындағы ломбард қызметкері болса, үшеуі жұмыссыздар.

Қазіргі кезде күдіктілерден түсініктеме алынып, үстерінен ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
null

Соңғы жаңалықтар