Көкшетауда ірі сауда үйінің күзетшісі есірткі сатқан

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда есірткі сатумен айналысқан сауда үйінің күзетшісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, полицейлер күдіктіні "Транзит" жедел алдын алу шарасы барысында ұстаған. 40 жастағы ер адамның Көкшетаудағы ірі сауда үйіндегі жұмыс бөлмесінде салмағы 138,77 грамм "марихуана" сатқаны анықталды.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 297 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.

Еске сала кетейік, облыс аумағында жүргізілген «Транзит» жедел алдын алу шарасына 10 жедел іздестіру тобы құрылып, 250 полиция қызметкері жұмылдырылды. Нəтижесінде 4 күннің ішінде 11 есірткі сақтау жəне 5 есірткі сату оқиғасы анықталды. Жалпы, жыл басынан бері облыс полицейлері жүргізген жедел алдын алу шарасы барысында барлығы 768 келі, оның ішінде 138 келі 770 грамм "марихуана" тəркіленді.

Соңғы жаңалықтар