Көкшетауда «Евро-5» талабына сай автобустар сынақтан өткізілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Көкшетауда Ресейдің «Рари ТЭК ЖМЗ» компаниясының Лотос маркалы автобустары қалаішілік маршруттарда сынақтан өткізіле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін алғашқы сынақ автобусымен қала әкімі Ермек Мыржықпаев, әкімдік қызметкерлері, қалалық мәслихаттың депутаттары қала көшелерінің бойымен жүріп өтті.
null

«Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әсия Шәрімованың айтуынша, аталмыш автобустар қаладағы №1, №10 және №16 бағыттарда бір апта бойы жолаушыларға қызмет көрсетеді. Осы аралықта жолаушылар тегін тасымалданатын болады. Бұл жоба қалалық әкімдіктің «Көкшетау қаласында жолаушылар көлігін жаңғырту» жобасы шеңберінде қолға алынып отыр. Аталмыш жоба бойынша қолданыстағы автобустардың 40-50 пайызын, яғни, тозығы жеткен көліктерді ауыстыру қарастырылған.

null

Осыған дейін аталмыш автобустардың тұтынушылық пайдалану мерзімі жəне экономикалық мүмкіндіктері сараланып, қоғамдық тыңдаулар өткізілген еді. Енді бүгіннен бастап Көкшетау қаласы бойынша «Евро-5» талабына сай үлкен жəне шағын автобустардың алғашқылары жолаушылар тасымалдауға кірісті.

null

Жаңа көліктер бейнебақылау, кондиционер, сымсыз интернет желісі және жылыту жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтергіш те бар.

Осы ретте, қала әкімі автобустардың еуроэкологиялық талаптарға сай екенін айта келе, кейбір кем-кетігін де компания басшыларына ескертіп өтті.
«Нақты бір шешім шығармас бұрын сынақ мерзімінде мамандар бұл автобустарды бастан-аяқ зерттеп көреді. Сонымен қатар, жолаушылардың пікірлеріне де құлақ түретін боламыз», - деді қала әкімі.

null

Жалпы, сынақ мерзімі арқылы бұл автобустардың біздің қалаға жарайтын-жарамайтыны анықталады. Содан кейін ғана дилерлер мен автобус құрастырушылар қалалық әкімдіктің шешімімен нақты қадам жасайтын болады.

Соңғы жаңалықтар