Көкшетауда есірткіге елтіген автобус жүргізуші ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Көкшетауда есірткіге елтіген қалаішілік бағыттағы жолаушылар автобусының жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, полицияға қаладағы автобустардың бірінің жүргізушісі, 36 жастағы қала тұрғыны есірткіге  масайған күйде жолаушылар тасымалдайтыны туралы ақпарат түскен. Осыған орай ІІД Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарманың қызметкерлері 12 қазан күні кешкі сағат 19:00 шамасында аталмыш жүргізушіні көлік айдап жүрген жерінен ұстайды.

"Медициналық тексеріс барысында автобус жүргізушісінің апиын қабылдағаны анықталды. Ол апиынды шприц арқылы тамыр ішіне еккен. Оған қоса оның 1,5 айдай жолаушылар тасымалымен айналысып жүргені анықталды", деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, есірткіге əуес жүргізушінің үстінен ҚР ƏҚбК 608 бабы бойынша іс материалдары жиналып отыр. Осыған байланысты жүргізуші 3 жылға дейін көлік басқару құқынан айырылуы мүмкін. Жалпы, жыл басынан бері облыста есірткіге қолданып көлік айдаған 258  жүргізуші ұсталған.

Соңғы жаңалықтар