Көкшетауда ЭКСПО-2017 көрмесіне орайластырылған дүбірлі бәйге өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орайластырылған дүбірлі бәйге өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр селосындағы «Құлагер» атшабарында ұйымдастырылған бәйгеге барлығы алты қашықтық бойынша 54 жүйрік қатыстырылып, бағы мен бабын сыналды.

Ат бәйгесінде Көкшетаудың абыройын аспандатқан Артем Эленберг есімді шабандоз бірінші орынға ие болды. Ал 10 шақырымдық тоқ бәйгеде Астана қаласының шабандозы Әлішер Рүстемов тізгіндеген жүйрік мәре сызығынан бірінші болып өтті. Құнан бәйгеде астаналық Евгений Чибисов жеңімпаз атанса, жорға жарыста да Астана қаласынан келген Есләм Уахитов есімді шабандоздың «Гамбит Ор» дейтін тұлпары топ жарды. 

Жүлделі орындардан көрінген спортшылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар