Көкшетауда дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған 34 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне қаладағы дүкендердің бірінің сатушысы арызданған. Зардап шегуші әйелдің сөзінше, дүкенге баса көктеп кірген ер адам оны пышақпен қорқытып, саудадан түскен 40 000 мың теңге ақшасын алып кеткен.

«Оқиға орынан жедел тергеу тобы жетіп, дүкеншіден оқиғаның мән-жайын сұрастырды және бейнебақылау камерасының жазбаларын тексерді.

Күдікті бетін тұмшалағанына қарамастан дүкенші оның үстіне киген киімдерін жадында сақтап қалған. Күдікті арада 50 минут өткен соң сол маңдағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Онда заттай айғақ ретінде ұрланған ақша мен медициналық маска тәркіленді. Зардап шегуші оны киімінен бірен таныды»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, 34 жастағы күдікті ұсталып, үстінен қарақшылық шабуылға байланысты ҚР ҚК 192 бабының 2 бөлігі бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғыны екені және Солтүстік Қазақстан облысының Саумалкөл қаласында бірқатар ұрлық жасағаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар